Діни бүлік дегеннің не екенін түсіндірді

zakony_o_religii-800x480.jpg

Азаматтар неғұрлым сауатты болса, соғыұрлым сырттан әсер ететін түрлі теріс ағамдардың ықпалы азаяды. Сауатты азамат – өзінің білімін теріс жолға тартатын уағызшылардың үгітіне қарсы қоя біледі.

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында азаматтардың жаңа заманға лайық білімі болуына басты назар аударлыған. Осы міндетке жету үшін жаңа міндеттер қойылды. Мақтарал ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Мырзакентегі мүгедек балаларды оңалту орталығында "Дін мəселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі аудандық бөлімінің маманы Д. Аманов жəне М. Салиходжаевтың ұйымдастыруымен "Діни бүліктер" тақырыбында кездесу өтті. Жиынға мекеме басшылығы мен мамандар қатысып, қажетті мағлұматтар алды. Теолог мамандар ғаламтор арқылы ақпарат алу жылдамдаған заманның тартып кететін қалтарыс-бұлтарыстарынан аман шығу үшін діни білімді арттыру қажеттілігі туралы айтты.

Түсіндірме жұмыстары соңында ДМЗО директоры Асылбек Əуезханұлының бастамасымен жарық көрген "Бала тəрбиесі жəне діни бүліктер" атты кітап таратылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер