Туған жерді насихаттау - парыз

20180111120249.jpg

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерді түлету керектігіне ерекше тоқталып өткен болатын. Себебі, әрбір адам өз туған жерін шынайы сүйгенде ғана сол өңірде өніп-өсу,өркендеу болады. Сондықтан да, туған жерді насихаттау басты назарда. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.  

Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 іс-шара әзірленіп, жүзеге асырылуда. 

 «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұлттық құндылықтар насихатталды. Іс-шарада оқушылардың қоғаммен қарым-қатынасын нығайтуға, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған тағылымдық әңгіме өрбіді. Онлайн режимдегі тағылымдық шарасы әр онкүндікте басқа да танымал тұлғалармен жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

 «Өлкетану» пәні бойынша  облыстық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» идеясы негізінде  өткен бұл жиында жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында ғылыми зерттеулер нәтижелері және тарих пен қоғамдық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

- Облыстың тарихымен толық таныстыру мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған  5,6,7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы шығарылуда. Жыл бойы «Өлкетану» бағыты бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы жүйелі түрде жүргізіліп, облыс бойынша 11000 жуық оқушы қатысты. Оқушылар өз өлкесінің тарихымен танысып, туған жерге деген патриоттық сезімдерін ұштай түсті, - деді Б.Әшірбеков.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер