Инвестициялық ахуал жақсарса, инвесторлар көбейеді

investory1-900x500.jpg

Судың еңіс жерді қуалап ағатыны секілді, бизнес өкілдері қай жерде кәсібін дөңгелететін жақсы жағдай болса, қаржысын сонда салады. Облыс әкімдігі жанындағы «Облысқа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің» отырысы өтті. Оған облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыс , ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, «Kazakh Invest» АҚ филиалының басшысы Д.Мамиров және өңірлік кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты. Өңірлік кеңес отырысының мақсаты – өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, инвесторлардың негізгі проблемалық мәселелерін және олардың шешу жолдарын қарастыру. 

Департамент басшысы Ә.Көмекбаев «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында құрылған фронт офистің жұмысымен таныстырып, «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, Департаментпен инвесторлар арасындағы келісімшарт жасау жұмыстарының жүріп жатқандығын, фронт-офиске келіп, келісімшартқа тұру үшін әрқашан есік ашық екендігін айтып, инвесторларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер