Түркістан облысында шекаралар қайта қаралды

e99b62c729fe61a5123bd2df5b207415_crop_l_5_t_11_w_1035_h_582.jpg

Қазақстан – күннен-күнге өсіп-өркендеп келе жатқан дамушы мемлекет. Өңірлерде халық саны өсіп, экономикалық өсім байқалуда. Осыған орай, халық саны нормадан асқан облыс, қалаларды бөлу – заман талабы. Жақында Елбасы Жарлығына сәйкес, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысты. Нәтижесінде, жаңа облыс орталығында қызу жұмыстар басталды. Енді Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.Мұндай шешім бүгін Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды. Мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауына ие болған күн тәртібіндегі бірінші мәселе жайлы ойын білдірген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша облыс жұртшылығын қос шаһардың дамып, өркендеуіне бір кісідей атсалысуға шақырды.

– Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына орай, Кентау қаласының шекарасы өзгеретін болды. Мұндай шешім екі қаланың тиісті деңгейде дамуы үшін жасалып, барлық мемлекеттік органдармен мақұлданды. Сонымен бірге, халық қалаулыларының келісімі нәтижесінде қабылданып отыр. Сондықтан, облыс тұрғындарын Түркістан қаласы мен кеңейген Кентауды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамын, - деді Ж.Түймебаев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер