Түркістандық спортшыларға барынша жағдай жасалуда

kulager.jpg

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деп нақты айтылған. Ал, ұлттық спорттың дамуы — дәл осы ұлттық код пен ұлттық мәдениетімізді сақтаудың бірден-бір жолы.

Мемлекет басшысының осы бір тапсырмасы Түркістан өңірінде жоғары қарқынмен жүзеге асып келеді. Облыстық спорт басқармасы жергілікті спортшылар барынша жағдай жасауда. 

Оған дәлел, жуырда Астана қаласында ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Атап айтсақ, аударыспақ, көкпар, жамбы ату және теңге ілуден жүлделер сарапқа салынды. Сол дүбірлі сында Түркістан облысының апайтөс, білекті һәм жүректі жігіттері жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Аударыспақтан 80 келіде Есімхан Рахматіллә чемпион атанса, 90 келіде Сырым Ізбасаров қарсылас шыдатпады. Ал +90 келі салмақ дәрежесінде Біржан Қосалиев кезекті рет алтын медальға ие болды.

Көкпар бәсекесінде түркістандық оғландарға тең келер ешкім болмады. «Құлагер» командасының қайратты жігіттері кездескен қарсылас атаулыны айқын жеңіп шықты.  

Жамбы ату, теңге ілу сайыстарында Түркістан өрендері үздік төрттікті түйіндеді. Түркістандық өрендер алдағы уақытта да осы биік тұғырдан түспеу үшін кезекті додаларға дайындықты бастап кетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер