Әскерилер діннің маңызы туралы дәріс тыңдады

лекция-тренировка-и-дальнейшее-образование-103122144.jpg

Жамағатты ата-бабасының дәстүрінен айырғысы келетін теріс пиғылды ағымдар қоғамның бар саласына ықпалын жүргізгісі келеді. Студентті өзінің дегенімен жүргізіп, спортшыларды қолбала еткісі келтіндер көбейді. Бұл ағым күшейе келе билікті ығыстырғысы келетіні анық. Сол себепті де терроризм мен діни экстремизм біздің өмір сүріп ижатқан уақытта қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. 

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Арыс гарнизонының мәжіліс залында әскери гарнизонының қызметкерлеріне, облыстық дін істері басқармасының жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің дінтанушы, теолог маманы Батыржан Темірханов «Дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыбында дәріс оқыды. Әскерилерге ғаламтордағы ақпаратты қолданар алдын білікті мамандармен ақылдасқаны жөн екені айтылды. Сонымен бірге Арыс гарнизонының қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Қ.Алпамыс Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 18 тармағында көрсетілген әскери қылмыстар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Ғаламтор шырмауына түскен тағдырлар» және «Жалған жиһад» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Ал жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер