Бәйдібек ауданында қоныс той көп

Screenshot_3.jpg

Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның даму концепциясын даярлау тапсырылды. Осыған орай, тиісті мамандар қызу жұмысқа кіріскені белгілі. Бүгінде облыста барлық салада жұмыстар жоғары қарқынмен атқарылуда.

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Бүгін ауданға арнайы баспасөз-турымен барған БАҚ өкілдері аудандағы бірқатар жұмыстармен танысты. 

Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су жүйесі орнатылған. Яғни, тұрғындарға жағдай жасалған. Шаян ауылдық округінің әкімінің орынбасары Сәкен Мырзабековтың айтуынша, инфрақұрылым республикалық бюджет есебінен тартылған. Үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген. Бәйдібек ауданынында жұртшылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жуырда Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында 1 пәтерлі 20 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табыс етіліп, 20 отбасы қоныс тойын тойлады. Атап айтқанда, үйлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға, мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге және апатты жағдайдағы үйлер санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Үйлердің ауласы қоршалған, ауыз су тартылған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер