"Өзгерісті өзіңнен баста"

10-.jpg

Қазақстанда соңғы жылдары болмаған, әрі үлкен серпіліс әкелген бағдарлама – ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болды. Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарлама аясында алты кіші бағдарламалар айқындалып, «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын үйлестіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелді.

Кіші бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының моделін өзгерту. Бұл елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететіні анық. Өз кезегінде, өңірдегі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық өкілдері тарапынан мемлекеттік қызметшілер арасынан Жобалық менеджерлердің кандидатуралы айқындалып, жобалық менеджерлерге өз құзыреттіліктерін дамыту үшін «Time management»және «Project management» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинардың өтуіне ұйытқы болған Агенттіктің өңірдегі департаменті және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы.

Семинар нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер уақытты тиімді пайдалану және жобаларды басқару негіздерімен танысып, алған білімі мен дағдыларын өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін қолданатын болады деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер