"Діни экстремизм - опат болудың жолы"

ekstr.jpg

Жамағатты теріс ағымнан арашалап алып қалудың тиімді жолы көп. Тек соның көзін таба білген жөн. Кентау қаласында тұрғындарға түсінікті болуы үшін экстремизм, терроризмнің кесірін сахналық қойылым арқылы жеткізіп жатыр.

Соңғы кездері теріс діни ағымды уағыздайтындар, экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын жəне өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тəрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осын арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда. Осы әрекетке қарсы тұру үшін, жастарды теріс түсініктен ажыратып алып, шын жолды көрсету үшін Кентаудағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының драма үйірмесінің ұйымдастыруымен өнер қайраткерлері С.Қожанов атындағы саябақтың үгіт-насихат алаңында "Діни экстремизм - опат болудың жолы" атты көріністік қойылым көрсетті. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тəрбиеге баули отырып, халық дəстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тəрбиенің басты міндеті. Қойылымды көрген азамат осындай ой түйер еді. Өнер адамдары осыны әр азаматтың жүрегіне жеткізуге тырысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер