Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамсыз ету мақсатында Шардара ауданында тұрғындар арасында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Облыстық дін істері басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесініңнің дінтанушы маманы М.Халықов және Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д.Байбековтер бірнеше ауылды аралап, азаматтармен кездесу өткізді. Наты айтсақ, 16 тамыз күні Ақшеңелді, Қызылқұм, Алатау батыр және Ұзын-ата ауылдық округтерінде және 17 тамыз күні Көксу, Шардара қаласы, Жауышықұм ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және басқа да заңдылықтар мен нормативтік-құқықтық актілер тұрғысында түсінктемелер берді. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам дінің негізгі міндеттеріне тоқталып, казіргі таңда түрлі діни ағымдар өскелең ұрпаққа, жастарымызға рухани тұрғыдан кері әсерін тигізіп келетінін, сондықтан жастарымызды отан сүйгіштіке, халқымыздың сат-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткізе білудің маңыз зор екеніне тоқталып өтті.
Ауыл азаматтарына теріс діни ағымдардан сақтану жолдарын көрсетіп, өскелең жастардың еріп кетпеуіне назар аударғандары дұрыс екенін айтты.