Түркістанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар ЖОО-да тегін оқиды

whatsapp_image_2018-08-23_at_10.22.25.jpeg

Мемлекет басшысы білімді ұрпақ – ел келешегі екенін айтқан болатын. Сол себепті де, білімді жастарға қолдау көрсеткен абзал. Әсіресе, әлеуметтік-материалдық жағынан аз қамтамасыз етілген білімге құштар жастарға бірінші кезекте көмек беру керек. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын.  

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 39 мектеп бітіруші түлекке жоғары оқу орындарына жолдама берді. Оларға оқуда озат болуды, сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырды.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы елдің болашағы білімді жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сондай-ақ, мемлекетіміз өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасауда. Міне, бүгінгі көрініс соның айғағы. Барлығың білім сынағынан сүрінбей өтіп, жоғары оқу орнына жолдама алып отырсыңдар. Енді білімдеріңді шыңдап, болашақта өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосасыңдар деп сенемін. Ал, шектік деңгейден өтпеген 104 түлек қалаған мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болады. Осы ретте балаларымыздың ақысыз негізде оқуына демеушілік танытып отырған жоғары оқу орындарының басшыларына алғыс айтқым келеді, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

2017-2018 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 197 бала 11-сыныпты бітірсе, 35-і балалар үйлерінің түлектері. Оның 190-ы ҰБТ-ға қатысып, 86 оқушы шектік деңгейден өтсе, 7 түлек жұмыс істеуге ниет білдірген. Сынақтан сүрінбей өткен 3 оқушы еліміздің басқа өңірлерінде білім алуға шешім қабылдаса, 44-і мемлекеттік тапсырыс арқылы, қалған 39 мектеп бітіруші облыс аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер