Азаматтарды жұмыспен қамту шарасы өткізілді

39404652_497552980669474_6650937246482432_n.jpg

Республика азаматтарын жұмыспен қамту – басты назарда тұрған мәселе. «Адамды адам еткен – еңбек» демекші, мемлекетті де дамыған елдер қатарына қосатын негізгі фактор – еңбек. Азаматтарының барлығы жұмыспен қамтылған елде – салық түсімі көп болып, бюджет кірісітері артады.  

Осыған орай, бүгін «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді. Акцияға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық кәсіпкерлік бөлімі, қалалық білім беру бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, қалалық партия филиалының қызметкерлері, қала және ауыл тұрғындары қатысты. Аталаған іс-шараны «Нұр Отан» партиясының Кентау қалалық филиалы ұйымдастырды. Іс-шарада партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков акцияның негізгі мақсатын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты - «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну болды. 

Іс-шараны өткізу барысында барлық қатысқан азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер