Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын аралап көрді

39931642_681103868941356_8267034325006942208_n.jpg

Түркістан облысы құрылғалы бері өңірде жұмыстар бұрынғыдан да қыза түсті. Жер-жерде құрылыс жұмыстары зор қарқын алды. Бәрі де ел игілігі үшін екені белгілі.

Осыған орай, бүгін Созақ ауданының әкімі Ерлан Айтаханов құрылыс саласының мамандарымен бірге Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтек ауданы мен Шәуілдір ауылында салынып жатқан мемлекеттік қызметтік үйлерді аралап, құрылыс жұмыстарын пысықтады.

Алдымен Әл Фараби жаңа мөлтек ауданындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының барысын көрген аудан басшысы жауапты мердігерге құрылыстың сапалы, барынша талапқа сай жүргізілу керектігін ескертті. Мұнан соң аудан әкімі Шәуілдір ауылындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын саралады. Мердігерлердің айтуынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді. 

Айта кету керек әлемдік тарихта өз орны бар Отырардың мәртебесін көтеру жолында еңбек етіп жатқан әлеуметтік қызмет саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ауданда қызметтік тұрғын үйлер бой көтеруде. Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтек ауданда 12 пәтерлік 2 қызметтік үйге бюджеттен 137,6 млн. теңге қаржы қаралса, Шәуілдір ауылынан салынатын 12 пәтерлі 2 қызметтік үйге облыстық бюджет есебінен 200 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінде аталған нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. 

Аралаудан соң аудан әкімі мердігерлер мен құрылыс саласына жауапты басшыларға жұмыстарды сапалы әрі кестеге сай мерзімінде тапсыруды жүктеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер