Жұмысты жоспарлау, жоспар бойынша қандай жұмыстар атқарылды, мәселелер қаншалықты шешілді, осы жөнінде нақты есеп беріп тұрған абзал. Қадағалау, дисциплина болған жерде – өсу үрдісі болады.
Осыған орай, бүгін Сарығыш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Сарыағаш ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы, газ, ауыз су, Оңтүстік жарық мекемелерінің басшылары мен аудандағы аурухана, емхана, мектеп, балабақша басшылары, ЖПҚ бастығы қатысқан жиында негізгі екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, яғни республикалық маңызы бар жолдың бойында және ішкі көшелерде орналастырылған билбордтар бойынша ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни ауданда санитарлық тазалық жұмыстарының барысы және 2018 жылдың 18 тамызда өткізілген сенбіліктің қорытындысы туралы ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ж.Жакыпбеков хабарлама жасады. Мәжіліс барысында аталған мәселелер кеңінен талқыланды. Әрбір азамат өзінің өмір сүріп отырған жерінің тазалығын сақтауға, оның көркейіп, көгалдануына өз үлесін қосуға міндетті. Кез келген қаланың, кенттің, ауылдың сол жерді басқаратын әкімінің бет-бейнесін аңғаруға болады.
Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелерге қатысты қала, кент, ауылдық округі әкімдері мен бөлім, мекеме және білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар берді.