Ауыл балаларына спортпен шұғылдануға жағдай жасалды

40017947_256005351696924_2176947076405919744_n.jpg

Мемлекет басшысы тек білімді ұрпақ қана емес, ең бірінші кезекте дені сау ұрпақ – ұлт келешегі екенін айтқан болатын. Денсаулығында кінәраты жоқ ұрпақтан – білімді, сапалы, елі үшін аянбай қызмет істейтін азаматтар өсіп шығады. Осыған орай, Елбасы Денсаулық сақтау саласына көптеп көңіл бөліп, бірнеше бағдарламаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, деннің саулығын қамтамасыз ететін Спорт саласына айтарлықтай назар аударуда. Жастайынан спорттен шұғылданып өскен бала анау-мынау қиындыққа сына қоймайды. Олар төзімді болады.

Жақында Конституция күні қарсаңында Төлеби ауданы Леңгір қаласында спорт кешені ашылды. Мұнда, бір уақытта түрлі спорттық секцияларда 250-ге жуық адам спортпен шұғылдана алады. Бұл спорт кешені бір жылда салынып шықты. Құрылыс жұмыстарына 150 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Спорт кешенінде күрестің түр-түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Кешенде бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан жаттығулар жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, үстел теннисі және кіші футбол алаңы да бар.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев, Леңгір қаласының әкімі Болат Әділбеков, "Ордабасы" ФК Президенті Нуржан Катаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, тарихшы-өлкетанушы Әсет Кембаев, аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Кенже Жолымбек қатысты. Олар осы Спорт кешінінде жаттығатын ауыл балалары үшін қуанышты екендерін айтып, ыстық лебіздерін білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер