Әкім жұмыстың жүргізілу барысын қадағалайды

39514965_253348258629300_8071036906952982528_n.jpg

Кез-келген әкімнің ең негізгі міндеті – дұрыс үйлестіре, ұйымдастыра білу. Және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, қадағалап отыру. Егер жұмыс жүрмей, мәселе туындап жатса, оны дер арада шешіп, оңтайлы әдістер қарастыру. Заманауи сөзбен айтқанда, әкім деген – менеджер болу керек.  

Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Б.Омарбековтің төрағалығымен қала, ауылдық округ әкімдері, аудан мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті. Яғни, әкімдер осындай жиналыстар жасау арқылы жұмыстың барысымен танысады.

Сонымен, бүгінгі жиналыста күн тәртібінде 4 мәселе қарастырылды. 

Қала, ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршаулары мен шарбақтарын және заңсыз құрылыстарды ретке келтіру барысы туралы аудан әкімінің орынбасарлары С.Дүйсебаев, Ғ.Төлепов, Р.Бейсебаева және аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбеков баяндады. 

Екінші және үшінші қарастырылған мәселе – 2018 жылғы 7 айдың қорытындысымен индикаторлардың орындалуы жөнінде, аудандық бюджеттің 2018 жылғы 8 және 9 ай қорытындысымен болжамды игерілуі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов сөз сөйледі. 

Төртінші тақырып – қала, ауылдық округтерінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық бойынша атқарған жұмыстары және түнгі жарық шамдарының қазіргі жағдайы туралы аудан әкімі аппаратының инспекторлары айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімімен нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер