Түркістан облысы, Созақ ауданында «Парасыз болашаққа – бірге» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мобильді топ Құмкент ауылдық округінің Құмкент, Қызылкөл ауылдарында болып, тұрғындармен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - баршаға ортақ іс» тақырыбында жиындар өткізді. Кездесулерде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәл осындай топ ауданның барлық ауыл округтерін аралап шықты. Ауыл тұрғындарымен болған кездесу кезінде олар қойған сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық топтың жүргізген сауалнамасы кезінде ауыл азаматтарының әлі де болса сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңдарды толық біле бермейтіні анықталды. Енді осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады. Нақтырақ айтқанда, ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін қабылданған заңдар мен бағдарламалар туралы ақпарат беріліп, керек болса түсінік жүргізіледі. Мұндай шаралар сыбайластықты азайтатыны анық. Жиындар барысында тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратылды.