Екпе егу тақырыбы түсіндірілді

c26c2d6c152ad32df38abf1b2b7b6e0b-696x403.jpg

Дін - күн тәртібіндегі тұрған тақырып болғасын, бұл салаға қатысты іс-әрекет бір сәт толастамайды. Осыған орай, Түркістан облысы, Созақ ауданындағы ураншылар қаласы Таукенттегі емханада "Теріс діни ағымдардың алдын алу" жəне "Екпе егудің пайдасы" атты тақырып бойынша емхана қызметкерлерімен жиналыс өтті. Оны ұйымдастырған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің аудандағы қызметкерлері. Олар теолог маман болған соң қоғамдағы болып жатқан жағдайларға ислам діні қалай қарайды, ол туралы қандай түсініктеме беретінін егжей-тегжей жіліктеп бере алады.

Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, бұл жолғы әңгіме тек теріс діни ағымдардың азаматтарды қайда алып баратыны ғана емес, әлем медиктері мойындаған қағидаттарды қисық кеткен діншілдердің қалай теріске шығаратынын да түсіндірді. Ең көп тараған мысал деп, екпе егуге қарсылықтарын айтты. Екпе егу дәрі-дәрмек шығаратын компаниялардың пайдасын көбейту үшін жүргізілетін шара деп қарайды, теріс діни ағымдағылар. Ал шындығында жер шарындағы өмір сүріп жатқан адамдардың дені осы екпе салған соң денсаулығы мықты екенін мойндағысы келмейді. Сол себепті, мұндай пікірлерге көп назар аудармау керектігі айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер