Түркістан облысы мен ТҮРКСОЙ арасында меморандум түзілді

Screenshot_1.jpg

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметі. Басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиылған қауымды Халықаралық түркі әлемі гуманитарлық ғылымдар конгресі аясындағы «ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 25 жыл» секциясының ашылуымен құттықтады.

- Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асырып, Түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сына айналды. Түркі халықтары жаһандану заманында алпауыт елдерге жұтылып кетпей, ұлттық кодын, өзіндік ерекшеліктерін, мәдениеті, руханияты мен мемлекеттілігін сақтап қалу үшін өзара ынтымақтастығын нығайтып, бірлігін бекемдей түсуі керек. Осыны ескерсек, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасымен үйлесіп, Мәңгілік Ел мұраттарымен үндесіп келді. Түркістан – түркі қағанаттарының туы тігілген Орда.  Түркістан – түркі халықтарының орасан зор оғландары ақ киізде хан көтерілген қасиетті жер. ТҮРКСОЙ ұйымы алдағы уақытта да түрлі қалаларды Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялай отырып, туысқан халықтар арасындағы осынау байланыстарды одан әрі тереңдете түсері шүбәсіз. Түбі бір түркі түгел болса, біздің алар асуларымыз бен бағындырар биіктеріміз көп болмақ! - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, жиында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы Муса Йылдыз, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Болатбек Әбдірасилов сынды ғалымдар ұйымның маңыздылығы хақында баяндама жасады.

Жиын барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер