Өңірде мал бордақылау ісі жолға қойылған

94f5460d-7fa2-4943-920f-f4a64f87e852.jpg

Ауыл шаруашылығы – жері ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің ден қойып айналысуына ыңғайлы бірден-бір сала. Осы ауыл шаруашылығы арқылы нәпақа айыруға болады. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасының өсуінің драйвері ауыл шаруашылығы екендігін айтып, оның ішінде етті мал шаруашылығының рөліне ерекше тоқталған болатын. Себебі, етті бүкіл қазақ тұтынады десек қателеспеген болар едік. Сондықтан да, етке деген сұраныс ешқашан азаймайды.

Осы мақсатта Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаңды ашуды жоспарлап отыр. Жалпы мал жайларын соғу екі кезеңде іске аспақ. Атап айтсанда, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, келесі жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізу межеленген. Нәтижесінде шаруа қожалық жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек.  Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзге, аудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек.  

Қазіргі таңда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаңшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер