Түлкібас шарушалары жемісті еңбек етуде

40115786_541869649598384_5621340556639600640_n.jpg

Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар мен кәсіпкерлерге барынша жағдай жасау аса маңызды. Себебі, олар ел экономикасының дамуына зор үлес қосады. Өнім өндіріп, ол өніммен Қазақстанды, яғни ішкі қажеттілікті және алыс-жақын шетелдерді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, ел қазынасына қаржы түседі. 

Мінекей, Түлкібас ауданында ауыл шаруашылық саласына үлесін қосып жүрген «Бақытжан» шаруа қожалығы - аудан мақтанышы, - деп хабарлайды Түлкібас ауданының баспасөз қызметі. Бұл шаруа қожалықтың тарихына көз жүгіртетін болсақ, сонау 1995 жылдары халыққа үлестік жер беріліп жатқан кезде, осы шаруа қожалықтың иесі Марат Игенбаев 9 гектар жерді алған. Адал еңбек пен берекелі бейнеттің арқасында «Бақытжан» шаруа қожалығы жыл озған сайын мол өнімге қол жеткізе бастады. Араға бірнеше жыл салып алма ағаштары мол өнім бере бастады. Ал биыл өткен жылдармен салыстырғанда берекелі қырманға кенеліп отыр. 

- Өткен жылы бидай 12 центнер болса, биыл 45 центнер, арпа 11 центнер болса, биыл 33 центнер, алма, алмұрт басқа да жеміс-жидектер өткен жылдармен салыстырғанда мол өніммен қуантып отыр. Оның негізгі себебі биылғы ауа райы егістікке қолайлы болды. Жер жырту, егін егу, тағы өзге науқандық жұмыстар дер кезінде агротехникалық шараларға сәйкес орындалды. Білікті мамандар кеңестеріне сүйене отырып, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде, - дейді шаруашылық басшысы Марат Игенбаев. 

Шаруа қожалығында комбайыншы, тракторшы, егіншілерді қосқанда барлығы 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалықтың өндіріп отырған өнімдеріне сұраныс көп. Ақ егістен мол өнім жинаған қожалықтан өзге шаруа қожалықтары тұқымдық ұрық сатып алуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер