Ауданда кереғар діни ағымның зардабы түсіндіріліп, қайырымдылық ациясы өтті

40159729_541852279600121_7083922730772332544_n.jpg

Қасиетті Құрбан айттың үшінші күні Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының орталық мешітінде жұртшылыққа ас берілді. Жиналған қауымды аудан басшысы Н.Тұрашбеков мерекемен құттықтады. Акция барысында кереғар діни ағымдар жөнінде мәселелер көтеріліп, оларға жол бермеу жөнінде айтылды. Кереғар діни ағымдардың зардабы ауыр болатыны, бәрінен де кезінде ата-бабаларымыз ұстанған – дәстүрлі дін жолы дұрыс екендігі түсіндірілді деп хабарлайды Түлкібас ауданының баспасөз қызметі.

Және жиын барысында аудан әкімінің бастамасымен «Мектепке жол» акциясына аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 325-тен астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қаржылай, заттай сый-сыяпаттарын табыстау жұмыстары жүргізілді. Олардың 225-не үйлеріне барып табысталса, 100 балаға мектепке қажетті заттар, киім кешектер орталық мешітте өткен шарада табысталды.

Сонымен қатар, ауданда биыл 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы барлық білім мекемелерінде өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

Аудандағы 1508 оқушыларға жалпыға міндетті білім беру қорынан 22 миллион 620 мың теңге бөлініп, олар тиісті киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтылды. 

«Уақып» қорының төрағасы Қайрат Айтбаев өз қаражаты есебінен 50 балаға керекті құрал жабдықтар табыстаса, бұл сауапты істен аудандағы бөлім басшылары, жеке кәсіпкерлер, ауыл имамдары қалыс қалмай өздерінің қайырымдылық шараларын танытты. Осылайша «Түркібас» ата мешітінде сауапты істер атқарылып, оған қатысқандар қайырымдылықтың салтанат құрғанына куә болды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер