Бәйдібек ауданында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді

40534929_313814872529734_6048680830404919296_n.jpg

Бүгін білім күні қарсаңында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында 5 жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді деп хабарлайды Бәйдібек ауданының баспасөз қызметі. 

Солардың бірі Тұрақты ауылындағы Жүнісбеков, Сарқырама ауылындағы Орманов атындағы 150 орындық жаңа мектептердің ғимаратының қоныс аудару салтанатына аудан әкімі Бақытбек Танагөзов пен облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбеков арнайы барып, салтанатты лентасын қиып, ұстаздар мен оқушыларды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтап, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті.

Салтанатты шарада Тұрақты мен Сарқырама елді мекендеріндегі мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары типтік үлгідегі екі қабатты мектептердің өздерінің ауылдарында бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға беріліп отырғандарына өздерінің алғыс тілектерін жеткізді.

Жалпы Бәйдібек ауданында ыңғайластырылған жайда орналасқан мектептердің саны жылдан жылға қысқарып, типтік жайда орналасқан 37 мектептен 42 мектепке жетіп, әр жаңа оқу жылында оқушылардың жаңа мектептерде білім алуына жағдай жасалуда. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған мектептерді қосқанда Бәйдібек ауданында типтік жайда орналасқан мектептер 85,7 % құрап отыр. Екі қабатты мектептер толық жаңа парта және тақтамен жабдықталып, компютер, лингафон, мультимедия кабинеттері мен қыздарға (тігін) және ұлдарға (ағаш) арналған шеберханаларымен, кітапхана, оқу залымен қамтылған. Мектеп жанында мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. 

Сонымен қатар Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата елді мекеніндегі 150 орындық Ақтау, Түйетас елді мекеніндегі Момышұлы, Ынтымақ елді мекеніндегі 100 орындық Жиренов атындағы білім ошақтары пайдалануға берілді.

Жаңа оқу жылында Бәйдібек ауданындағы 49 мектепке 12114 оқушы барса, жаңадан пайдалануға беріліп отырған 5 мектепте 735 оқушы оқиды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер