"Денсаулық-2018" фестивалі Отырарда жалғасын тапты

41306608_690029811382095_8206923100898459648_n.jpg

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы зор, салауатты өмір салтын насихаттайтын «Денсаулық» фестивалі аудан-аудандарда жалғасын тауып жатыр. Бүгін Отырар ауданында «Денсаулық сандарына жет» ұранымен «Денсаулық-2018» фестивалі өтті.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараға 500–ге жуық қатысушылар салт атпен, жаяу және велосипедпен Жібек жолы даңғылының бойымен жүріп өтіп, орталық алаңға келді.

Орталық алаңда еліміздің әнұраны орындалып, аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйледі. Құттықтау сөзінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі –денсаулық, ел халқының көпшілігінде салауатты өмір салты –ұлт денсаулығының кілтіне балаған болатын. Қазақстан әлемде өмір сүруге қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Біздің болашақ «Мәңгілік Елге» барар нұрлы жолымызда қазақстандықтардың әлеуетін көтеретін жаңа мүмкіндіктер жасауда» деп, шараның маңыздылығын атап өтіп, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды.

Айтулы шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «Заречное» мекемесі №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне автобус тарту етті. Автокөліктің кілтін аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы мен «Заречное» АҚ бірлескен кәсіпорын басқарма басшысы Омар Нұрәлиевтер спорт мектебінің директоры Мейрамбек Қашқыновқа табыстады. 

Фестиваль барысында орталық аурухана қызметкерлері, аудандық жасөспірімдер орталығының өнерпаздары және балабақша бүлдіршіндері арнайы ұйымдастырған түрлі форматтағы флешмобтар акция ажарын аша түсті. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттері спорттың бірнеше түрінен көрсеткен көріністері көпшілікті қызықтыра түссе, мекеме қызметкерлері арасында өткен арқан тарту бәсекесі тартысты өтті. 

Халық денсаулығын нығайтуды мақсат тұтқан шара ән мен жырға ұласып, тұрғындар «Денсаулық қалашығынан» білікті дәрігерлердің кеңесіне жүгінді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер