Түлкібаста жер асты жолы салынуда

28-735x400.jpg

Билік ел ішінде орын алып жатқан мәселелерді қалай шешеді? Жалпы, ондай мәселелерді қалай біледі? Әрине, депутаттар арқылы. Себебі, халық өздері қалаған адамды сайлап, билікке жібереді. Ал, билікке келген депутат әрқашан өз сайлаушыларының жағдайына алаңдап, оларға көмектесуге дайын тұру керек.

Осыған орай, жақында Парламент сенатының депутаты Асқар Бейсенбаев Түркістан облысы, Түлкібас ауданына іс-сапармен барды. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Халық қалаулысы ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен, ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды жобалармен танысты. Сондай-ақ, сенатормен бірге аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Садуақас Сейсенбаев бірге жүріп, Мичурин ауылдық округіндегі «Мөлдір» ЖШС-де болып, шаруашылықтағы алма бау мен бидай алқабын аралады. Серіктестік басшысы Қ.Үсенбеков шаруашылықтың атқарылған және алдағы жоспарларымен таныстырды. Келесі кезекте сенатор «Құли» магистральді каналының қазіргі жағдайымен танысты. 

Сапар бұдан әрмен жалғасты. Сенатор бастаған топ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Түркібасы» әулиесінің аумағын аралады. Халық қалаулысының келесі аялдаған нысаны Т.Рысқұлов ауылындағы 250 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы болды. Құрылыс нысандарының жұмысымен танысқан сенатор көтеріліп жатқан тұрғын үйдің жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, аудан аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральді жолы өтетініне байланысты Шақпақ ауылы тұсынан жерасты жолы салынуда. Жерасты жолына ат басын бұрған сенатор А.Бейсенбаев республикалық маңызы бар жолды салып жатқан компания өкілімен тілдесіп, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында халық тарапынан сенаторға көптеген ұсыныстар айтылды. Оларды байыппен тыңдаған А.Бейсенбаев барлық ұсыныс жүзеге асатынын хабарлады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер