Халықтың жағдайын жасау басты назарда

2015091416153787812_teploseti-620x370.jpg

Халықтың жағдайын жасау – әкімнің ең басты міндеті. Себебі, Конституцияда қоғамдағы ең басты байлық – адам екені жөнінде айтылған болатын. 

Осыған орай, жақында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен 2018 -2019 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы мен қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады. Жиында тиісті сала басшыларына жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде сұраған аудан басшысы көрсетілген мерзім ішінде әлеуметтік нысандардың қазандықтары, қатты отын мен көмірлері сақадай сай болуын және көп қабатты тұрғын үйлердегі атқарылу керек жұмыстарды әлі де жандандыру қажеттігін айтып, оны сала басшыларына өз бақылауларына алуды тапсырды. Мұнан бөлек аудан басшысы әр ауыл округ әкімдеріне тұрғындар арасында көмір мен қатты отынды арзан бағада ертерек алу бойынша түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді жүктеді. 

Жиынды қортындылаған аудан басшысы әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрғындарды хабарландыру жұмыстарын ширату керектігін, себебі бір пәтердің жылу жүйесіндегі ақаулық бүкіл үй тұрғындардың жағдайына әсере ететінін айтты. Сондай-ақ, қозғалған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстардың орындалу барысын қадағалауды және орындалуы бойынша баяндауда тиісті орынбасарларына тапсырды


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер