Сыйластық болған жерде береке орнайды

41171236_2057893721187555_7850221973861826560_n.jpg

Отан – отбасыдан басталады дейді. Рас сөз. Себебі, әрбір отбасы – кішігірім мемлекет. Әрбір отбасының басқаруда мемлекеттік жүйеге тән функция бар десек қателеспеген болар едік. Ата-ана – билік болса, бала-шаға – халық. Ата-ананың міндеті – бала-шағасына жағдай жасау, тәрбиелеу. Елбасы да осыны есепке ала отырып «Мерейлі отбасы» сынды түрлі байқауларды енгізуге мұрындық болған еді. Елбасы бастамасымен жүзеге асқан осы жоба бүгінде талай отбасыға қуаныш сыйлап үлгерді. 

Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласында «Жастар ресурстық орталығында» қалалық ішкі саясат бөлімі және жастар орталығы бірлесіп Отбасы күніне орай, жыл сайын облысымызда өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Кентау қаласынан қатысып аранайы облыс әкімінің алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталып келген Жұмашевтар, Қонысбековтер және Шағатаевтар отбасының қала жастарымен кездесуі болып өтті. 

Бүгінде ұлттық мәртебеге ие болған «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше, тағылымды шараның біріне айналып отыр. Кездесу соңында келген қонақтарға жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар алынды. Үш отбасының мүшелері де:

- Кез-келген отбасыда ең негізгі құндылық –сыйластық. Сыйластық болмаған жерде ешқандай өсу де, өркендеу де болмайды. Ең ақыры, сыйластық болмаған жерде отбасының күл-паршасы шығып, ажырасып кетіп жатады. Мұндай қасіретке жол бермес үшін отбасы мүшелері бір-бірімен тату қарым-қатынас орнатып, қуаныш та, қайғы да түсіністік таныту керек. Бір-бірін қолдаған жерде бақ-береке, ырыс-ынтымақ болады. Бұл тек отбасы ішіне ғана емес, мемлекетке де қатысты. Мемлекет басшысының әрбір жобасын қолдап отыруымыз керек, - деп жауап берді. Жиналған қауым бұл жауапқа қанағаттанып, жылы лебіздерін арнады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер