Созақтың оқушылары жаңа технологияны меңгеруге кірісіп кетті

5b8fadf069d13.jpg

Күннен-күнге дамып келе жатқан заманда заман ағымына ілескен аса маңызды. Заман ағымына қалай ілесуге болады? Ең бірінші кезекте – жаңа технологияны меңгеру керек. Десе, бұл технологияны меңгере қою оңай емес. Ол үшін адам жастайынан үйрену керек. Сол кезде ғана оңай меңгереді десе болады. 

Осыны басты назарға ұстаған Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылында алғашқы ІТ- сынып ашылды. IT- сынып Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп базасында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы аясында іске қосылды. 

Ашылу рәсімінде сөз алған «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы тарапынан балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісі қолға алынғанын атап өтті.

- Бұл жоба аясында еліміз бойынша 1000 ІТ-сынып ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында Еуропалық білім беру стандарты негізінде тереңдетілген білім алуы жоспарланған. Жоба аясында жалпы 450 мың баланы оқыту көзделіп отыр, - деді ол. 

Білім бөлімінің басшысы Нұралы Айдаровтың айтуынша алдағы уақытта мұндай сыныптар тек аудан орталығында ғана емес, басқа да елді мекендерінде ашылатын болады. 

- Жаңа технологиялармен жабықталған IT-сыныптарда балаларымыз бағдарламалар, веб-сайттар, анимация және мобильдік қосымшалар жасауды үйренеді. Осы партиялық жобаның арқасында оқушыларымыз цифрлы технологияны жетік меңгеріп, сандық технологиялар және инновация саласында жақсы жетістітер көрсетеді, деп сенемін, - деген ауданның бас мұғалімі оқушыларға сәттілік тіледі.

IT-сынып заманға сай керекті құралдармен жабдықталған. Ендігі уақытта бұл сыныпта робот техникасы мен бағдарламалау бойынша 15 оқушы жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер