Ауылдық округ әкімдеріне қызметтік көлік кілттері табысталды

40414374_301970850356370_6345551190402531328_n.jpg

Бүгін Мақтаарал ауданында Ата заңның бүкілхалықтық референдумда қолдап-қуаттап қабылданғанына 23 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Аудан орталығы Мырзакент кентінің «Ақ алтын» мәдениет үйіне ағылған халық әнұранды шырқап, еліміздің ең басты мемлекеттік құжатына құрмет көрсетті.

Жиында Бақыт Асанов еліміздің бүгінгі жетістігі Ата заңмен тікелей байланысты екенін атап өтті.

- Ата заң мерекесі аясында және білім күніне орай ауданымызда жаңадан салынған 4 мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1 мектеп халық игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, 2 мектеп, 2 емхана бой көтеруде. Қазірдің өзінде аудандағы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты 9 елдімекенде газ тарту құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы болып табылатын ауданда 40 мың гектар жердің құнарлығын арттыру үшін ПУИД-2 жобасы арқылы тік дренаждарды ұңғымалардың құрылысы мен коллекторларды тазалау жұмыстары да қарқын алған. Шаруаларымыз бақша өнімдерін егіп, өнімін елімізге, шетелдерге шығарып сатуда, - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Жиын барысында өңір басшысы ел игілігі үшін белсенді қызмет етіп жүрген азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлерді арнайы облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың және өзінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, 6 ауылдық округтің әкімдеріне қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер