Ұстаз – адам өміріндегі алар орны ерекше жан. Ұстаз – адамды өмірге үйретеді десек қателеспеген болар едік. Сондықтанда да, ұстаздардарға әрбір адам қарыздар. Оны қалай өтеп жүрміз? Ұстаздарға қаншалықты жағдай жасалып жатыр? Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде өткен ауданының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде осы жайлы айтылды. Кеңеc «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өтті деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Кеңеске ауыл әкімдері, бөлім басшылары және білім беру ұйымдарының басшылары, білім саласы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Залға жиналған қонақтар мен аудан мұғалімдері алдында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Н.Үсіпбеков «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында есепті баяндама жасады. Есепті хабарламада биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында мектебі жоқ 2 елді мекенге (Ақжар а/о, «Ақжар» ж.о.м 600 орындық, Құркелес а/о, «Береке» ж.о.м 300 орындық) және 3 мектепте (Сарыағаш қ. №71 ж.о.м, Жартытөбе а/о, №32 «Қ.Аманжолов» ж.о.м. Құркелес а/о, №48 «І.Жансүгіров» н.о.м) жаңа үлгідегі мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мемлекетіміздің оқушыларға жасаған қамқорлығы яғни балаларымыз заманауи үлгідегі мектептерде білім алуына зор мүмкіндіктер жасалынғанын айтты.
Мұнан кейін аудан әкімі Қ.Абдуалиев сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, баяндама келтірілген фактілер бойынша өз ой-пікірін білдірді. Салтанатты жиын мұғалімдердің түрлі деңгейдегі марапаттау рәсімдеріне ұласты.