Бау-бақшасы жайқалған Түркістан

image_21.jpg

Көктемі ерте шығып, күзі кеш түсетін Түркістан облысыныі климаттық жағдайы жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Жеріне шыбық шаншысаң, көгеріп шыға келеді. Облыста жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің барлық егіс көлемі – 30 мың гектарды алып жатыр. Оның ішінде жеміс – 19,5 мың гектар, жүзім – 10,5 мың гектар құрайды.

Биыл облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, қосымша 0,94 мың гектар қарқынды бау, 0,57 мың гектар жүзім, 0,207 мың гектар жаңғақ егілді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

 Жалпы облыс бойынша қарқынды баудың көлемі – 3,7 мың гектарды құрайды.   Айта кетерлігі, ағымдағы жылы 85 мың тонна жеміс-жидек және 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып, бүгінгі таңға 76,8 мың тонна жеміс-жидек пен 22,6 мың тонна жүзім жиналды. Жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жиналған өнімдер негізінен республиканың аймақтары мен көрші мемлекеттерге жөнелтілуде.

Жалпы, бау шаруашылығынан түсетін табыс мақта шаруашылығымен салыстырғанда 2,5 есе, ал бақша шаруашылығымен салыстырғанда 2 есе артық болатындықтан бау шаруашылығын өркендету ісі облыста қарқын алып, алдағы уақытта қарқынды баудың егіс көлемін 10 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер