Мақта өсірушілерге жағдай жасалды

Screenshot_1.jpg

Түркістан өңірі – ауыл шаруашылығы шикізатына өте бай. Әсірес, өңірде мақта шаруашылығы қатты дамыған. Жыл сайын терім кезінде мақта тау болып үйіліп қалып жатады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі келтірген мәліметке сүйенсек, өткен жылы Түркістан облысында 134,5 мың гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мың тонна шитті мақта жиналған болатын. Ал биыл 132,7 мың гектар егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда.  

Биылғы жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 78,2 мың тонна жанар-жағар май бөлініп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 38 мың тонна жанармай толығымен тауар өндірушілерге босатылған. Ал күзгі дала жұмыстарына бөлінген 40,2 мың тонна жанар-жағар майдың қаржысы толық төленіп, бүгінгі таңға 19,5 мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылды. Жанар-жағар майдың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне берілген бағасы ішкі нарықтағы бағадан 20 теңге арзан.

Облыс бойынша жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 23 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 304 мақта қабылдау бекеттері бар. Негізінен өңделген мақта талшығының 85-90 пайызы Ресей, Беларусия, Латвия, Литва мен Қытай сынды елдеріне экспортталады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер