Таза ауыз су ішетін күн алыс емес

Screenshot_2.jpg

Тұрғындарға жайлы жағдай жасау, үйлеріне ыстық, суық су кіргізу, жылу жүргізу секілді жұмыстар – уақыт күттірмейтін жұмыстар қатарында. Тұрғындар инфрақұрылымға қатысты мәселеде бір сәт те қиналмауы керек. Осыған орай, Түркістан облысы, Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған.

Нәтижесінде салынып жатқан жаңа су құбырлары ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мыңнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 300 және 150 текше метрлік су жинағыш-резервуардың құрылысы жүзеге асырылуда. 

Тағайна және Зағамбар ауылдарына су елді мекен жанынан анықталған ұңғымалардан беріледі. Екі ауылға тартылатын су өткізгіштердің жалпы ұзындығы – 78,327 шақырымды құрамақ. Су құбыры желілерінің құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Тағайна ауылындағы құрылыстың мердігері "Star-Stroi" ЖШС-і, ал Зағамбар ауылында  су құбырын "Монолит-Дизайн-2030" ЖШС-і жүргізуде. Алдағы уақытта аудан тұрғындары таза ауыз сумен қамтылатын болады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер