Жаңа ойын-сауық кешені тұрғындарға құшағын ашпақ

Screenshot_3.jpg

Қала көркею үшін онда бірқатар сауда-саттық, ойын-сауық нысандары болғаны абзал. Қоғамдық-мәдени орындар көбейгенде ғана қалаға саяхаттап келушілер қатары артып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Себебі, ойын-сауық орталықтарына халық күйбең тіршіліктен бір сәт босап, бір-бірімен сұхбаттасып, әңгіме-дүкен құрады. Сауда жасап, милары тынығады. Күнделікті кешкісін демалып тұрған азамат жұмысты сергек көңіл-күймен қарқынды істейтін болады.  

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қаланың даму жоспарын пысықтау мақсатында облыс орталығында бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік «Megacity» ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. 5 қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлімдер орналаспақ.

Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамеджановтың айтуынша, кешенде алып супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр орналаспақ. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту ретінде нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында есігін ашатын болады.

Енді алдағы уақытта ойын-сауық кешенінің құрылысы өз мәресіне жеткенде, мұнда ағылушылар қатары артпақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер