Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қыpметі хабарлайды.
Мақтаралда атқарылып жаиқан игі істер аз емес. Ең бастысы жұрт жұмыспен қамтылып, елдің дамуына өз үлестерін қосып жатыр, Ауыл шаруашылығы министр Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналға барды. Мұнда ол ГНС-1, ГНС-2 арасындағы өзекті мәселе болып тұрған 9 шақырымдық бөлігінің су өткізу қабілетінің техникалық жағдайымен, Асықата кентіндегі «Корпорация Ақ-Алтын» ЖШС-нің мақта шикізатын өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл зауытта жылына 60 мың тонна мақта шикізатын қайта өңдеуден өткізіледі. Науқан кезінде 265 адам жұмыс істейді. Мұнда өндірілген өнімдер ТМД және шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы министрі осында жиын өткізіп, аудандағы мақта өңдеу зауытының басшылары шаруа қожалықтарының төрағаларымен және трейдерлік компаниялардың қатысуымен мақта шикізатының өзекті мәселелерін талқылады.
Вице-премьер одан кейін Қарақай ауылдық округіндегі «Кетебай» өндірістік кооперативінің егістік алқабын аралап көрді. 1996 жылы құрылған кооператив иелегіндегі 800 гектар егістік жерге мақта еккен. Мақтаны өсіруге және теруге арналған 60-қа жуық техникасы бар. Диқандармен жүздескен Өмірзақ Естайұлы Жетісайдағы мақта терімі жұмыстарына оң бағасын беріп, еңбекқор тұрғындарға табыс тіледі.