Тек мұғалімдер емес, техникалық қызметкерлер де жұмысқа директордың қатысуынсыз орналасады

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіледі және аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына қойылатын жауапкершілік жоғарылайды. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау туралы мәжілісінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Өңір басшысы парақорлыққа, заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатынын айтып, кейбір сала қызметкерлеріне ескерту жасады. Мәжілісте Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Н.Ешенқұловтың баяндамасы тыңдалды. Ол Елбасы Жолдаулары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту міндеті жүктелгеніне тоқталды.

Жиында жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар да талқыланып, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмысын күшейту керектігі айтылды. Облыс әкімі Ж.Түймебаев басқарма басшыларының есебін тыңдап, елге шынайы отаншылдық сезіммен адал қызмет ету керектігін айтты. 

–  Сыбайлас жемқорлық — қоғамның індеті. Сондықтан халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары қолға алынып, білім беру ұйымдарында мәдени-ағартушылық жұмыстары атқарылсын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы жанынан ішкі талдау жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер ашық әрі елге жақын болып, сапалы қызмет көрсетсін. Сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дәрежеде қадағалау жүргізбеген лауазымды қызметкерлердің мәселесі қатаң қаралатын болады, - деп,  аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырып және мектепке техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорының құзіретінен алып тастап, аутсорсингке өткізу керектігін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер