Ауыл тұрғындары таза ауыз су ішеді

Screenshot_10.jpg

Ауыз су - тіршілік көзі, өмір нәрі. Адам өмірі үшін ауыз судың алар орны зор. Су болмаса, өмір де болмайды. Сондықтан да, өңірлерде тұрғындарды ауыз сумен қамту аса маңызды.

Осыған орай, жақында Төлеби ауданында құбыр тартылмаған тағы бір ауылға ауыз су келеді. Осы аптада Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Сарқырама ауылында ауыз су құбырының құрылысы басталды. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр. Сарқырамалықтардың талай жылдан бері ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы талап етіп келіп еді. Енді талап іс жүзінде орындалмақ. 

Бұрынғы су құбырлары түгелімен ескіріп, тұрғындар ауыз суды кесте бойынша белгіленген уақытта ғана ішіп келді. Қазіргі күні мердігер «Атамекен» корпорациясы қажетті құрылыс жабдықтарын әкеліп, құрылыс жұмысын бастап кетті. Ауылға кіреберісте 200 метрлік ұңғыма қазылып, 100 текше метрлі екі су жинағыш-резервуардың құрылысы жүріп жатыр. Ұңғыма 30 жылға дейін жарамды. Жалпы ауылда ұзындығы 12,742 шақырымды құрайтын су құбырлары тартылатын болады. Сәтін салса, жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, 1000 аса су машақатын көріп отырған тұрғындардың жанайқайы осылайша оң шешімін табатын болады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер