Арыста электронды жүйе - сыбайлас жемқорлыққа нүкте қояды

Screenshot_9.jpg

Түркістандағы көптеген білім ұялары 1-сыныпқа оқушыларды электронды жүйе арқылы қабылдады. Аймақтағы мектеп басшылары аталған жүйенің тиімділігіне қазірден бастап оң баға беруде. Өйткені оқушыны электронды жүйе арқылы қабылдау - жаңа оқу жылының басталар алдындағы әуре-сарсаңды азайтады. Сондай-ақ саладағы жемқорлықты да жояды екен. Тәлімгерді қабылдау интернет жүйесі арқылы жүзеге асатындықтан ұлын жетектеген ата-аналар мектеп іздеп босқа сандалмайды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі биыл жұрт қатарлы қыркүйекте 1-сыныпқа баратын 141 баланы электронды жүйе арқылы қабылдады. Ұстаздар қазірдің өзінде жаңа жүйенің артықшылықтары көп дейді. Мәселен бұрын ата-аналар балаларын мектепке өзі ертіп келсе, енді үйден шықпай ақ баланың құжаттарын порталға енгізуге болады. Қай мектепті таңдаймын десе де ерік ата-ананың өзіңде. Бұл процесс уақытты да үнемдейді.

Жалпы оқушынының бірінші сыныпқа электронды жүйе арқылы қабылдануы жемқорлық әрекеттерін жоюға да өз септігін тигізеді екен. Өз кезегінде білім ұяларында оқушының санының шамадан тыс асып кетуіне де жол бермейтін көрінеді. Сондай-ақ еліміздегі көптеген білім ұяларында биылдан бастап 3-6-8 сыныпта оқитындарға сабақ жаңартылған мазмұнда өтіле бастады. Сәкен Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі де аталған жаңашылдықтан шет қалған жоқ. Мектепте 100 тарта маманның жартысына жуығы бүгінде балаларды жаңа форматта оқытуды қолға алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер