Мемқызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың салдары түсіндірілді

Screenshot_8.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бір сәт те тынған емес. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен сыбаслас жемқорлықтың алдын-алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті.

Бұл жиынға Сарыағаш ауданынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері Ш.Ибрагимов, Қ.Мұсабеков және Қ.Құлмырзаев қатысты. Кездесуде Департамент басшысы кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде елімізде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен бірге, Түркістан қаласында жаңадан ашылған тестілеу орталығы өз жұмысын бастағанын және жуық арада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ашылуы жоспарланып отырғанын тілге тиек етті. Жиын барысында Ғ.Сұлтанұлы аудан басшылығына екі ауданда да қайта құру кезеңі болуына байланысты қызметшілерді қайта тағайындауда мемлекеттік қызметшілердің кепілдіктері мен құқықтарын ескеріп, олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдар ұсыну қажеттігін ескертті. 

Жиын соңында мемлекет тарапынан мектептерге жеткілікті қаражат бөлініп жатқанын, бірақ білім ұйымдарында әртүрлі себептерді алға тартып, ата-аналардан және мұғалімдерден заңсыз ақша жинау мәселесі тыйылар еместігі айтылды. Мектеп директорларына заңсыз сыйлықтар алу, ата-аналар мен оқушылардан негізсіз ақша жинау деректерін болдырмау, оның алдын-алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары нақты шаралар қабылдау қажеттігін, егер аталған жағдайлар қайталана берсе, жұмыстан босатылу немесе заңда көзделген тәртіппен материалдар құқық қорғау органдарына жолданатынын айтып ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер