Бүгін Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» эстафеталық марафоны аясында және Бәйдібек ауданының 90 жылдығына байланысты «Бәйдібек барысы» қазақ күресінен 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Турнирге аудан әкімі Б.Танагөзов қатысып, палуандарымызға сәттілік тілеп, өңірдің 90 жылдық мерейтойына тарту ретінде турнирдің бас жүлдесіне автокөлік тікті. Өз сөзінде аудан әкімі бұл іс-шараның маңызы зор екендігін, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жас өскіндердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырудың рөлі орасан зор екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық – бала өміріне балта шабар қасірет, сондықтанда да онымен күресті ешқашан тоқтаутпау керектігі, Кеңес Одағының тұсында пайда болған бұл қылмыс түрі қазіргі заманда өз өзектілігін жойып келе жатқандығы, онымен бірлесе күресу керектігі де айтылды. Балалардың бойынша сыбайлас жемқорлық секілді қылмыс түрлеріне жиіркеніш сезімін ояту басты назарда болды.
Төл күрестен өткен додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикалары және Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстары мен Тараз, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Түркістан қалалары мен Түлкібас, Сайрам, Созақ, Қазығұрт, Шардара, Төлеби, Бәйдібек аудандарынан барлығы 40 палуандар келіп күш сынасты. 40 палуанның ішінен 80 кг салмақта белдескен Бәйдібектік Қазыбек Рахышов бас жүлде автокөлікті иеленсе, екінші орынды иеленген Бәйдібектік Жарқамырза Шүкірбеков, үшінші орынды иеленген Шымкенттік Бақберген Тұрсын арнайы дипломдармен және медалдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, балуан балалар сыбайлас жемқорлықты жерге алып ұрды десек болады.