Түркістандық жастар Жолдауды қолдайды

Screenshot_3.jpg

Президент бүгінгі Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауына байланысты Түркістан облысы әкімдігінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Түркістан өңірінің жастары Жолдауды қолдауға дайын екендігін айтты.

- Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында 2019 жыл – жастар жылы деп атауды ұсынамын деді. Мұның өзі жастарға арналған үлкен қолдау. Жолдауда айтылғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсірудің өзі жастарға едәуір көмек болмақ. Бұл тұрғыда Түркістан өңірінің жастары Жолдауда айтылған барлық межелерді орындауға дайын», - деді Балмаржан Полатқызы.

Сонымен қатар, Президент ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуын тапсырды. Сондай-ақ, «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту қажеттігін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер