Алкогольді сусындар, темекі, сыбайлас жемқорлық, керағар діни ағымдар, түрлі қылмыстық топтар – бәрі кәмелет жасына толған және толуға жақындаған жастың өмірін құртатын нәрселер. Жастар осыдан сақ болу керек. Ол үшін жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген абзал.
Осыған орай, күні кеше Бәйдібек ауданындағы білім беру мекемелерінің 500-ге жуық оқушы-студенттерінің және мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог психологтар, ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен 19-шы колледжде және Жастар сарайында кездесулер өткізілді. Бұл кездесулерде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша және отбасындағы ата-ананың ролі жайында дәрістер оқылды.
Жалпы, бұл кездесудің мақсаты аудан-қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарында жəне мəдениет үйлерінде (мектеп, колледж, ЖОО) жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, алькоголдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттарын түсіндіру болды.
Оқушы, студент жастармен кездесуге Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полция инспекторлары, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, облыстық денсаулық сақтау, облыстық дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің теолог маманы Заманxанов Бауыржанның қатысуымен жасөспірімдер мен жастарға ақпартаттық насихат жасау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу, кереғар діни ағымдардан сақтандыруға арналған бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді.
Бұл кездесулердердің жастар үшін тәрбиелік мәні зор болды.