Кәсіби біліктілікті арттыру - уақыт талабы

Ең үлкен күш – жастар. Әсіресе, кәмелет жасына толмаған жастар үлесі елімізде өте көп. Бірақ, олар әлі саналық тұрғыдан қалыптасып үлгермегендіктен, олар әрбір ұйымға еріп кете береді. Себебі, олар бұл қоғамда ненің дұрыс, ненің бұрыстығының ара-жігін ажырата алмайды. Сондықтан да, оларға осындай жас шыбық кезінде нәрлі білім беріп, олардың дәстүрлі дінге деген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру керек. Олар кәмелет жасына толмаған күнде де дәстүрлі дін мен кереғар діни ағымдардың арасын, айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу керек. Нәтижесінде олар экстремистік ұйымдарға елімізде өз идеологияларын жүргізіп, сайран салуларына жол бермейді. Сонда ғана еліміздің ертеңі жарқын болмақ.  

Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округіне қарасты 47-ші орта мектебіде оқушылардың сауатын ашуда белсене еңбек етіп жүрген аудандық ақпараттық-түсіндірме топтар мүшелеріне (АТТ) дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған семинар-кеңес өткізілді. Бұл семинарда өз біліктіліктерін арттырған мамандар бұл білімді діни сауатты ұрпақ тәрбиелеуде пайдаланатындарын айтты.

Семинарды Түркістан облысы Дін істері департаментінің "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" дінтанушы маманы А.Бектұрғанов өткізіп, семинар соңында АТТ мүшелеріне "Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни таным қалыптасудағы рөлі" кітапшалары мен сертификаттар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер