Еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету және орта білім беру мекемелеріндегі зайырлылық қағидаларын сақтауды түсіндіру мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ 28 қыркүйек күні облыстық ақпараттық-түсіндірме топтары (АТТ) мүшелерінің біліктілігін көтеруге арналған семинар-тренинг өткізді. Бұл семинар-тренингке облыстық білім басқармасына қарасты жалпы орта мектептерде бірыңғай мектеп формасына байланысты проблемалық мектептердің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдері қатысты. Бұл жерде «дінтану негіздері» пәні мұғалімдерің қатысуы өте маңызды болды. Себебі, олар – шәкірт тәрбиелеуші. Ал, шәкірттер – ертңгі ел келешегі. Сондықтан, оқушыларға сапалы мамандар, білікі мұғалімдер сабақ бергені абзал.
Семинар-тренигті облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры А.Ноғаев ашты. Бұл семинарға қатысты облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Б.Жалмұрзаев өзінің құттықтау сөзін айтты.
Одан әрі ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің Төраға орынбасары Б.Мырзаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директор орынбасары М.Бесбаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Д.Оспанов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің докторанты, саясаттанушы Е.Байқонысов өздерінің мәнді де мазмұнды баяндамаларын оқыды.
Семинар соңында түрлі пікір алмасулар мен сұрақ жауаптар болып қызу талқыланды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.