Төлеби ауданында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Screenshot_6.jpg

Төлеби ауданында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жиын басында, аудандық мәдениет үйі алаңында қызыл кілем төселіп, ардақты ұстаздарды арнайы қарсы алды. Бүгінгі білім қазынасына үлес қосып, ұрпақтар зердесіне ғылым мен білімнің дәнін сеуіп жүрген ұстаздар қауымын құттықтау үшін алғашқы сөз аудан әкімі Бауыржан Омарбековқа берілді.

- Шығыс даналығында «Ұстаз да диқан сияқты, әр адамның жанына білім дәнін себеді» деген ұлағатты сөз бар. Бұл мәңгілік ұлағаттың, сарқылмас руханияттың дәні. Кемел келешек пен бақытты болашақтың кілті білім мен ғылымда. Бұл жолдың бастаушысы — Ұстаз. Өскелең ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу ісіне атсалысып, уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін өз ризашылығымды білдіремін, - деді, аудан басшысы өз құттықтауында.

Сондай ақ бұл іс-шарада аудандық маслихат хатшысы Н.Қойбағаров да өз құттықтау сөздерін айтты. Салтанатты іс- шарада шәкіртке білім беру жолында талмай еңбек еткен, ауданымыздың білім саласының дамуына өз үлестерін қосқан мұгалімдер аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының атынан Грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік іс-шара педогогикалық қызметке алғаш кірген жас мұғалімдердің ант қабылдау рәсімі мен концерттік бағдарламаға ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер