Облыс әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті. Облыстағы аудан, қала әкімдіктеріне онлайн режимінде қосылған жиынға 500-ден астам озат ұстаз тікелей қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Өңірдегі 55 мыңнан астам мұғалімді төл мерекемен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ұстаздар қауымының болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты.

- Бүгінгі төл мерекелеріңіз ерекше уақытта, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауымен қатар, жаңадан Түркістан облысы болып құрылған кезеңде өтуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кешегі Жолдауында халықты баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім мен ғылымды дамыту, оны қаржыландыруды жалпыұлттық өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу, полиция мен сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, аталған салалардағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен әлеуметтік қорғалуын арттыру секілді көптеген маңызды мәселелерді қозғап, алда атқарылуы тиіс міндеттер айқындап берді. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауда білім саласына аса назар аударып, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігі кемімей, педагогтарды және қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғандығын атап өтті, - деді Ж.Түймебаев.

Сонымен бірге, салтанатты басқосуда аймағымыздағы 5 ардагер ұстаз бен 20 мұғалім облыс әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Ал Қазығұрт ауданы, Ж.Қаппаров атындағы №5 облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ұжымына құны 20 млн. теңге болатын "Орта білім беретін үздік ұйымы" гранты табысталды. 

Мерекелік жүздесуде бірқатар ардагер ұстаздар мінберге шығып, педагогтар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. 

Жалпы, соңғы жылдары облыс оқушыларының білімге деген ынтасы артып келеді. Биылдың өзінде дарынды оқушыларымыз халықаралық және республикалық деңгейдегі 100 – ден астам білім сайыстарында жүлдегер атанды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер