Түркістан облысы мен Шымкент қаласы кәсіподақтары бірліктің үлгісін көрсетті

Screenshot_2.jpg

Шымкентте Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысы  кәсіподақтарының төрағасы Берік Бекжанов «Жолдауда әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолындағы міндеттер жүктелген. Еңбек адамының мүддесі қорғалып, жұмысшылардың тұрмыс деңгейін жақсарту негізге алынған. Ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысының өсуі жұртшылықты қуантып жатыр. Кәсіподақтар да Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайды және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосады» деді.

Сонымен қатар, жиында төраға орынбасары Серік Әуесханов баяндама жасаса, кәсіподақ саласының ардагері, “Халықтар достығы” және “Құрмет” ордендерінің иегері Досыбай Шерімқұлов және өзге де азаматтар жарысөзге шығып, ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Алдағы уақытта Жолдаудағы басым бағыттар әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында насихатталып қана қоймай, оны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар да қолға алынбақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер