Жақында облыс тұрғындарына қолжетімді баспана беріледі

Screenshot_6.jpg

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі - кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Аталған банктің өңіріміздегі жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы "Баспана" мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бастап банк ұжымы Елбасы бекіткен "7-20-25" бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды. 

Сонымен бірге, басқосуда  Қ.Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыңғайлы болатын ұсынысын жеткізді. Алғашқы салымсыз-ақ, баспаналы болуға болатын жобада қарапайым халықтың жағдайы ескерілген. Мұнан бөлек, әкімдік тарапынан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсетуді сұрады. 

Осынау ұсыныс, тілектерге қаныққан аймақ басшысы, ең бастысы, баспаналардың қолжетімді болуы қажеттігін айтып, "7-20-25" бағдарламасын өңірімізде мықтап қолға алу үшін түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді тиісті басқарма басшыларына тапсырды. 

Осы жылы «7-20-25» бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында, Түркістан қаласында жеке салушы және «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (288 пәтер, 15,6 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. Бұл пәтерлерді 2019 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып, барлық үйлерді «7-20-25» бағдарлама арқылы тарату көзделуде. 

«7-20-25» бағдарламасы арқылы салынған тұрғын үйлерді тарату Түркістан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер