Жетісайда ет өндірісі дамып келеді

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысы – ауыл шаруашылығына ден қойғандығы белгілі. Әсіресе, мал шаруашылығы – өңір экономикасының драйвері десек болады. Себебі, қазақ халқы етті көп тұтынады. Ал, Түркістан облысында қазақ халқы көп қоныстанған.

Осыған орай, Жетісай ауданында шағын мал бордақылау алаңдарының қатары жыл санап артып келеді деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Солардың бірі - Атамекен ауыл округі Талапты елдімекеніндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы. Аталған қожалықта бүгінде 50 жылқы мен 10 ірі қара мал бордақылануда. Осы шаруашылықта өндірілген ет өнімдерін негізінен Жетісай қаласы мен Атамекен ауыл округінің халқы тұтынады. 

Қожалық төрайымы Ақтай Байбақова бұл кәсіпті осыдан 7-8 жыл бұрын қолға алыпты. Бордақыланатын малдың жем-шөбі қожалықтың өзінде әзірленеді екен. Биыл қожалық 3 гектар жүгері мен 3 гектар жоңышқа еккен. «Жем-шөп өзімізде әзірленгендіктен шығын да көп кете қоймайды» дейді қожалық төрайымы. 

Қазіргі таңда қожалықтың мал бордақылау алаңында 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы алдағы уақытта мал бордақылау алаңын ұлғайту үшін асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта жыл соңына дейін облысымыздағы қаржы ұйымдарынан несие алу үшін қажетті құжаттарды әзірлеп жатыр екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер