Халық қалаулырары өңір тұрғындарына Жолдауды түсіндіруге кірісті

Screenshot_2.jpg

Бүгін Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Түлкібас ауданына арнайы іссапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев келіп, аудан активімен және тұрғындармен кездесті. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиын барысында сенаторлар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ сөз сөйлеуге шыққан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Анашев бастаған белсенді азаматтар Жолдауда айтылған жаңалықтарды қуана қарсы алғандарын айта отырып, осы құжаттың арқасында еліміздің халқының әл-ауқаты біршама жақсарып, болашаққа нық қадам басуға талпыныс беретінін тілге тиек етті. Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, ел жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты.

Осы күні сенаторлар  Сайрам ауданы тұрғындарымен де жүздесті. Жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев  биылғы Жолдаудың  халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын мәлімдеп, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының не себептен тағы да 5 жылға ұзартылғанын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама өзінің өміршеңдігін дәлелдеген. Яғни, бағдарламаның арқасында елімізде талай кәсіпкер несие алған. Нәтижесінде  көптеген кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылған.

Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев Жолдаудың аудан тұрғындарына серпін беретінін жеткізді. Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, Елбасының Жолдауын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын және  өз үлестерін қосатындарын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер